ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ 161-бап. мыналарды көздейді:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек шартын тоқтатуға, еңбек шартын жасасуға тыйым салуға, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік мекемелерге қабылдауға, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға, сол сияқты олардың жақын туыстарының тұрғын үй және өзге де құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға жол берілмейді.
Қанмен, басқа да биологиялық сұйықтықтармен және биоматериалдармен байланыста болған, алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтуге жататын медицина қызметкерлерін қоспағанда, жұмыс берушінің АИТВ-ға тестілеу нәтижелерін сұратуына жол берілмейді.
АИТВ-инфекциясы анықталған жағдайда «АИТВ-инфекциясы» анықталған диагнозы бар қызметкерлерді жұмыс беруші терінің немесе шырышты қабаттардың тұтастығын бұзумен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстыруға жатады.