Skip to content
Главная страница » Ақтоғай аудандық ауруханасында семинар

Ақтоғай аудандық ауруханасында семинар

  • by

АИТВ-инфекциясы туралы құзыреттілігін арттыру мақсатында Ақтоғай ауылындағы аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Т.Х.Кулахметова облыстағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы; АИТВ-инфекциясының қауіп факторлары туралы; АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік құқықтық актілер туралы; АИТВ бар адамдарды стигматизациялауға жол бермеу туралы; төтенше жағдайлар және олар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы; пациенттерді АИТВ-ға тестілеуге арналған клиникалық көрсеткіштер туралы айтылды.

Семинар соңында медицина қызметкерлері талқыланып жатқан тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға эпидемиолог жан-жақты жауап берді.

Шараға Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылындағы аудандық аурухананың 14 медицина қызметкері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған