Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай дәріс оқыды.
Кездесу барысында студенттерге АИТВ, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтылды.
Көрермендерге АИТВ жұқтырған адамдарды стигматизациялау тақырыбын қозғайтын бейнефильм көрсетілді. Фильмді көргеннен кейін оқытушы стигматизацияға жол бермеу және оның кері әсерін атап өтті, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусына қатысты студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Жиынды қорытындылай келе, спикер әркім өз денсаулығына өзі жауапты екенін, оның амандығына жастайынан қамқорлық жасау керектігін баса айтты. Сондай-ақ адамның денсаулығы мен өміріне теріс әсер ететін қажетсіз тәуекелдерді болдырмау үшін мінез-құлқыңыз туралы ойлану керектігін айтты.
Дәріске 30 оқушысы қатысты.