Skip to content
Главная страница » Ашық есік күні – Қарағанды ​​ЖИТС орталығы мен облыстық клиникалық аурухананың бірлескен іс-шарасы

Ашық есік күні – Қарағанды ​​ЖИТС орталығы мен облыстық клиникалық аурухананың бірлескен іс-шарасы

  • by

28 қарашада Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандары Облыстық клиникалық ауруханамен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күніне орайластырылған «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың АИТВ және алдын алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және АИТВ бар адамдарға қатысты стигманы жою. Бұл күні АИТВ аспектілеріне қатысты сұхбаттар, әлеуметтік сауалнама және викториналар өткізілді, ақпараттық-оқыту материалдары мен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің символдары бар естелік сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, кез келген адам өзінің АИТВ-мәртебесін білу үшін талдауды тапсыра алды. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары халықтан келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.

– Бұл іс-шараның азаматтарымыздың хабардар болу деңгейін арттыруда маңызы зор. АИТВ-ның қалай берiлетiнiн бiлiп, олар алдын алу шараларын қабылдап, өздерiн қорғай алады. Оның үстіне, АИТВ-ның тұрмыстық қарым-қатынас арқылы таралмайтынын түсіне отырып, АИТВ-мен ауыратын адамдардың стигматизация деңгейі төмендейді және бұл АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы тұру ісінде үлкен артықшылық. Биылғы жыл «Дұрыс жол- адам құқықтарының жолын таңдаңыз!» ұранымен өтеді, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген төзімділік пен дұрыс қарым-қатынастың міндеттілігін дұрыс жолға бағыттайды- деп атап өтті Қарағанды облыстық ЖИТС Орталығының профилактикалық бөлiмiнің меңгерушісі Н.Т.Төлекбаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған