2023 жылдың 4 сәуірінде Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Кулахметова 5451 әскери бөлімінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына назар аудару, өз денсаулығына жауапкершілік дәрежесі туралы түсінік қалыптастыру. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарына, қауіп факторларына және сақтық шараларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, инфекцияның жұғу қаупі туындаған жағдайда АИТВ-инфекциясына міндетті тестілеу жүргізуге баса назар аударылды.
Қатысушылар саны – 45 адам.