Аутрич-қызметкерлер (ағылшынша outreach workers) — бұл дәстүрлі мекемелерден тыс өмірлік қиын жағдайға жиі тап болатын халықтың негізгі топтарымен белсенді өзара іс-қимылмен айналысатын мамандар. Олар «өріске» шығады, бұл топтар ақпарат, қолдау және көмек көрсету үшін уақыт өткізетін жерлерге, көбінесе адамдар өздері көмек сұрамайтын жерлерге шығады.
Олар үйсіздермен, есірткіге тәуелділермен, босқындармен, мигранттармен, АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен және түрлі себептермен өз бетінше көмек сұрамайтын басқа да топтармен өзара іс-қимыл жасайды.
Аутрич-жұмыс сенім мен теңдік қағидаттарына негізделеді, көбінесе аутрич-қызметкерлердің өздері негізгі топтың өкілдері болып табылатын немесе олардың проблемаларын терең түсінетін «тең-тең» әдістерін пайдалануды қамтиды.
Олар мақсатты топтарға қол жетімді қызметтер, қолдау бағдарламалары және АИТВ сияқты әртүрлі аурулардың профилактикасы туралы ақпарат береді.
Аутрич-қызметкерлер есiрткiнi пайдаланумен, қауiптi мiнез-құлықпен және басқа да факторлармен байланысты тәуекелдердi төмендетуге көмектеседi. Олар сондай-ақ негізгі топтардағы жағдай туралы ақпарат жинайды, бұл қолдау және алдын алу бағдарламаларын бейімдеуге көмектеседі.
Аутрич-жұмыс арнайы даярлықты және дағдыларды, сондай-ақ негізгі топтармен жұмыс істеу ерекшелігін түсінуді талап етеді.
