Байланысқа дейінгі профилактика (БДП) АИТВ – инфекциясының берілуі кезіндегі алдын -алудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады және вирусқа қарсы препараттарды үнемі қабылдаудан тұрады.
Байланысқа дейінгі профилактика мынадай жағдайларда жүргізіледі:
– егер сіздің жыныстық серіктесіңіз АИТВ жұқтырған болса (дискордантты жұптар);
– егер бірнеше жыныстық серіктестер болса, олардың арасында АИТВ-инфекциясы бар адамдар болуы мүмкін;
– егер сіз қорғалмаған жыныстық қатынасқа түссеңіз, яғни презерватив қолданбай;
– егер сіз жұқтыру қаупі жоғары топқа жатсаңыз (секс қызметкерлері; ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар).