Байланысқа дейінгі профилактика (ДКП) АИТВ – инфекциясының берілуінің алдын алудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады және вирусқа қарсы препараттарды үнемі қабылдаудан тұрады.
Байланысқа дейінгі профилактика мынадай жағдайларда жүргізіледі:
— егер жыныстық серіктесіңіз АИТВ жұқтырған болса (дискордантты жұптар);
— егер бірнеше жыныстық серіктестер болса, олардың арасында АИТВ-инфекциясы бар адамдар болуы мүмкін;
— егер сіз қорғалмаған жыныстық қатынасқа түссеңіз, яғни презерватив қолданбай;
— егер адам жұқтыру қаупі жоғары топқа жататын болса (секс қызметкерлері; ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар).