Байланыстан кейінгі алдын-алу (БКП) АИТВ жұқтырылуы мүмкін жағдайдан кейін жүргізілетінін іс-шараларды білдіреді. Байланыстан кейінгі профилактика (БКП) дәрі-дәрмекпен емдеуді, зертханалық талдауды және кеңес беруді қамтиды.
БКП АИТВ-мен ықтимал байланысқаннан кейін бірнеше сағат ішінде басталады және шамамен төрт апта ішінде жүзеге асырылады.
Зерттеулерге сәйкес, егер дәрі — дәрмекпен емдеу АИТВ-мен ықтимал байланысқаннан кейін жақын арада басталса (72 сағаттан кешіктірмей, алғашқы екі сағат ішінде), бұл АИТВ-ны жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.