10 мамырда Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Х.Кулахметова «Болашақ» колледжінің студенттеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Жастар назарына АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіретін танымдық бейнефильм ұсынылды. Сондай-ақ орталық маманы салауатты өмір салтын ұстанып, қауіпті жағдайлардан аулақ жүрудің маңыздылығына тоқталды.
Семинарға 37 адам қатысты.