Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында уролог, проктолог және облыс емханаларының «Денсаулық» жастар орталығының мамандары үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті.
Семинарды ЖИТС орталығының эпидемиологы Н.Тулекбаева мен дерматовенеролог Е.Ниденс дайындап, жүргізді.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
– АИТВ-инфекциясы және инфекцияның алдын алу;
– АИТВ жұқтырған адамдарға толерантты қатынас, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалауға және кемсітуге жол бермеу;
– төтенше жағдайлар және олар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі;
– АИТВ-инфекциясынан қатынасқа дейінгі алдын алу (ҚДА); қашан және кімге ҚДА қабылдау ұсынылады, ҚДА әсері, ҚДА қабылдау режимі.
Семинарға «Гала» ҮЕҰ басшысы А.Сауилина қатысып, ұйымның тұрғындардың негізгі топтарына көрсететін жұмыстары мен қызметтері туралы хабардар етті. АИТВ-ның таралуын болдырмау туралы айта отырып, Гала өкілі АИТВ-ның алдын алуда ҚДА және ҚКА (қатынастан кейінгі алдын алу) жоғары тиімділігін атап өтті.
Шара соңында тыңдаушылар семинар спикерлерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесуге қатысушылар оқуды ұйымдастырып, кәсіби білім деңгейін арттырғаны үшін алғыстарын білдірді.