Skip to content
Главная страница » Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Дұрыс жол таңдау –адам құқығын  қорғау жолы.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Дұрыс жол таңдау –адам құқығын  қорғау жолы.

  • by

Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл прогрессивті әлем ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. Биылғы ұран: «Дұрыс жол таңдау –  адам құқығын қорғау жолы». Адам құқықтарын басты назарға қойып, көшбасшылықты қауымдастықтарға беру арқылы, әлемдегі қоғамдық денсаулыққа  АИТВ-инфекциясының таралуының қауіптілігіне  қарсы тұра алады.

    АИТВ-ға қарсы іс-қимылдағы жетістіктер адам құқықтарын қорғаудағы прогреспен тығыз байланысты. Осы іс-қимылдардың арқасында денсаулық сақтау құқығын іске асыру және нығайту мүмкіндігі кеңейтіледі.

    Адам құқықтарын іске асырудағы жеткіліксіз жұмыстар әлемге АИТВ-ның таралуын тоқтатуға кедергі және қол жеткізілген прогреске зиян келтіреді.

АИТВ-мен ауыратын адамдарды стигмалау және кемсіту  әрекеттері алдын алуға, тестілеуге және емдеуге қол жеткізуге кедергі келтіреді.

«АИТВ–мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау – диагностикамен және емдеумен қатар жүреді, бұл ЖИТС орталығының негізгі міндеттерінің бірі», – деп сендірді Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Бейбіт Сағымбаев. Жыл сайын бізге науқастардан  4-5 өтініш осы кемсітушілікке немесе олардың құқықтарының басқа да жағдайларда  бұзылуына тап болғандардан түседі.  Әрбір өтініш міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, заң тұрғысынан қаралады. Біздің елімізде адам құқықтарына, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қысым жасауға жол берілмейді – деп атап өтті ЖИТС орталығының басшысы Бейбіт Сағымбаев.

«Көп жағдайда АИТВ  орталығы науқастарының құқығы олардың ЖИТС статустарының үшінші адамдардың жариялауының себебінен заңсыз негізінен болады. Бұл ақпаратты  жариялауды көбіне моралдық жарақаттау үшін немесе надандықтарынан  бұрынғы ерлі-зайыптылары, әріптестері немесе басқа таныстары жасайды. Осылай, жеке адам өмірінің ҚР заңдылығымен қорғалған тұтастық құқығын бұзады. Келесі өте ауыр адам құқығын бұзушылық, ол қасақана өз АИТВ статусын біле тұра адамға жұқтыруы. Бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық Кодексі ішінде қарастырылады. Әрбір көмекке жүгінген АИТВ-мен ауратын адам, міндетті түрде оны алады» – деп толықтырды Қарағанды облысының ЖИТС орталығының заңгері Қуаныш Нургалиев.
Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған