Емдеу-профилактикалық жұмыс және клиникалық сараптама бөлімінің қызметі мыналарға бағытталған:
o АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
o АИТВ-инфекциясы бар науқастарды ағымдағы клиникалық хаттамаларға сәйкес динамикалық бақылау;
o халыққа, көрсетілуіне қарай ретровирусқа қарсы профилактикалық шаралардың оған дейінгі және кейінгі кезеңдеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету;
o АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілу қаупін төмендету бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және акушерлік көмек ұйымдарымен бірлесіп профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру;
o АИТВ-инфекциясын емдеу және алдын алу үшін ретровирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз ету және емнің сақталуы мен тиімділігін бақылау;
o АИТВ инфекциясының экспозициясынан кейінгі және шұғыл профилактикасы үшін антиретровирустық препараттардың қолжетімділігін бақылау;
o АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына психоәлеуметтік, заңгерлік және медициналық кеңес беруді қамтамасыз ету;