16 мамырда Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Еске алу күні 40 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Қабылданған шараларға қарамастан, АИТВ-инфекциясының таралу проблемасы әлемдік қоғамдастық үшін өзекті болып қалуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының статистикасы бойынша, жер шарында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 38 миллионнан астам адам бар және күн сайын бұл көрсеткіш 14-15 мыңға артып келеді.
Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі:
– қоғам назарын АИТВ/ЖИТС проблемасына аудару;
– АИТВ-ның алдын алу әдістері туралы хабардарлықты арттыру;
– осы аурудан өмірін қиғандарды еске алу;
– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету белгілерін көрсету;
– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді болдырмайтын қоғамды қалыптастыру.
Осы дата қарсаңында әртүрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда да ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу идеясы біріктірілген бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қарағанды облысында профилактикалық семинарлар мен кездесулер, «Ашық есік күні», ақпараттық телебағдарламалар, жастарды міндетті түрде тартумен баспасөз мәслихаты өткізілді. Биылғы жылы қорытынды акция Қарағанды қаласының орталық саябағында 19 мамыр күні сағат 14:00-де өтеді.