Осы жылдың 15 қарашасында ЖИТС облыстық орталығының мамандары Қарағанды облысының фтизиатр-дәрігерлеріне арналған семинар өткізді. Ісшара облыстың алыс өңірлерін қамту үшін офлайн және онлайн режимде өткізілді. Семинарда ағымдағы кезеңдегі АИТВ — инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, туберкулез диагнозы қойылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясын анықтау туралы айтылды. АИТВ инфекциясы және туберкулез біріктірілген патологиясы бар науқастарды диагностикалау, басқару, емдеу ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Дәріскерлер емдеу режимдерін таңдау, препараттардың өзара әрекеттесуі және жанама әсерлері туралы айтты. Семинар барысында сұрақтар қойылды, емдеу кезіндегі ерекше жағдайлар, аурулардың барысы талқыланды, проблемалық мәселелер қаралды. Сабаққа 35 медицина қызметкері қатысты.