Облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Құлахметова гематологиялық орталықтың медицина қызметкерлерімен «АИТВ-инфекциясының алдын алу.Төтенше жағдайлар» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында АИТВ тақырыбына қатысты түйткілді мәселелер талқыланып, консультациялық жұмысты қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Семинарға «Гематология орталығы» ЖШС-нің 50 медицина қызметкері қатысты.