Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.Х.Құлахметова «Nefro Care kz», «B.B.Nura» және «Nefros Asia» гемодиализ орталықтарында АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс оқыды.
Іс-шарада келесі мәселелер қарастырылды: АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері және оның берілу жолдары; АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары; медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі төтенше жағдайлар және олар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі; АИТВ-инфекциясына қатысты ережелер.
Дискурстан кейін лектор тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Лекциялық курсқа Қарағанды қаласындағы гемодиализ орталықтарынан 16 медицина қызметкері қатысты.