2025 жылғы 30 маусымда Карағанды облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясы мен туберкулез бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізетін Елдік үйлестіру комитетінің (ЕҮК) қадағалау сапары өтті.
Сапардың мақсаты – Жаһандық қор гранттарының іске асырылу барысын, алдыңғы сапар кезінде берілген ұсынымдардың орындалуын, сондай-ақ бұрын Жаһандық қор жобасы арқылы қаржыландырылған бағдарламалардың қазіргі мәртебесін бағалау.
Сапар аясында ЖИТС орталығының басшылығымен, бөлім меңгерушілерімен және мамандарымен, сондай-ақ Жаһандық қор және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өтті.
ЖИТС орталығы тарапынан сұралған есептік мәліметтерге толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Қадағалау комитетінің құрамында 5 адам болды: АИТВ және туберкулез бойынша жобаларды басқару жөніндегі сарапшы, АИТВ жобаларының қаржылық мәселелері бойынша сарапшы, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ұшыраған қауымдастықтардың өкілі, сатып алулар жөніндегі сарапшы, ЕҮК Хатшылығының үйлестірушісі.
