АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында «Inlife» емханасының медицина қызметкерлеріне семинар және аттестациялау өткізілді.
Семинар барысында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Р.Т.Исабаева: Қарағанды облысының 9 айдағы эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясына қатысты нормативтік құжаттар; төтенше жағдайлар және олар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптары қарастырылды.
Семинар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен оларға спикердің жауаптарымен аяқталды.
Ақпараттық курстан кейін АИТВ-инфекциясына қатысты талқыланған тақырыптар бойынша дәрігерлер мен медбикелер аттестациядан өтті.
Шараға 68 адам қатысты.