ҚарТУ жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбайдың дәрісінде АИТВ туралы білім деңгейлерін көбейтті.
Негізгі мақсат – теориялық оқыту, оның ішінде вирустың сипаттамасы, берілу әдістері, алдын алу шаралары туралы ақпарат. Бұл жұмыстардың басты мақсаты жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алатын практикалық дағдыларды дамытуға көмектесетін ақпаратқа ие болу.
Сондай-ақ, жиында қауіпті жағдайлардан, күмәнді компаниялардан аулақ болу, есірткіні қолданып көру туралы ұсынысқа немесе өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге «жоқ» деп нық жауап бере білу керектігі талқыланды.
Аудиторияда 40 колледж студенттері қамтылды.