17 мамырда Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай «ҚарТУ» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжінің студенттеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» атты семинар өткізді.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Жастар – қоғамның ең ұтқыр және белсенді бөлігі, сондықтан АИТВ-ның алдын алу бойынша мұндай семинарлар өте маңызды. Біліммен әр адам өзін көптеген мәселелерден, соның ішінде АИТВ инфекциясынан қорғай алады.
Көрермендер саны 40 адам болды.