АИТВ-инфекциясының болуы немесе болмауы тек арнайы қан анализінің көмегімен анықталады. Оның мақсаты – вируспен күресу үшін ағзаның өндіретін қорғаныс жасушаларын (антиденелерді) анықтау. Адамдардың көпшілігінде АИТВ-ға қарсы антиденелер шамамен бір айдан кейін анықталуы мүмкін, бірақ нақты нөтижесі дәлірек инфекция жұқтырғаннан үш айдын кейінгі уақытты белгілі болады.
Көбшнде пациенттер жалпы қан анализі АИТВ инфекциясын көрсете ала ма деп сұрайды. Жалпы қан сынағы гемоглобиннің кұрамын, эритроциттердің, лейкоциттер мен тромбоциттер санын бағалауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен сіз анемияны, қабыну процестерін және т.б біле аласыз.
Қоздырғыштың бір немесе басқа түрін жалпы қан сынағы аңыктауга болады: қандағы лейкоциттердің көбеюі инфекцияның бактериялық сипатын көрсетеді, ал лимфоциттердің вирусты көрсетеді.
Бірақ жалпы талдау арқылы АИТВ-инфекциясының анықтау мүмкін емес. АИТВ-инфекциясына арнайы тестілеуден өткен адамдар ғана АИТВ статусын біледі. Егер АИТВ-инфекциясын жалпы қан анализі арқылы анықтау мүмкін болса, бұл көптеген адамдарда вирусты ерте кезеңде анықтауды түбегейлі жеңілдетеді.
АИТВ статусын білу үшін адам ЖИТС орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, тиісті талдау жүргізуі керек.