Диагностикалық зертхана Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, ҚОДСБ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Зертхана құрамына серологиялық, иммунологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық зерттеулер және полимеразды тізбекті реакцияларды зерттеу бөлімдері кіреді.
Зертхана негізі 1989 жылы қаланған және ЖИТС орталығындағы достық кеңсесіне хабарласқан АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдар арасындағы антиретровирустық терапияны саралаушы және ЖЖБИ, вирустық гепатиттер бойынша зерттеулердің толық кешенін жасайтын, қауіп тобындағы адамдар үшін биохимиялық және жалпы клиникалық зерттеулерді бақылайтын аймақтағы жалғыз зертхана болып табылады.
2021 жылдың тамыз айынан бастап диагностикалық зертхана «ҚР СТ ISO 15189-2015» Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» сәйкестігі бойынша № KZ82D39DC98 L542EA2 аккредиттеу сертификатын алды.
Аталмыш зертхана пациенттерге зертханалық зерттеулердің 70-тен астам түрін ұсына отырып, тез, сенімді нәтижелер береді.Сонымен қатар,аурудың болжамын анықтауға, адам иммунтапшылығы вирусына қарсы терапиясының тиімділігін бақылауға және нақты профилактикалық шараларды әзірлеуге көмектеседі. Жыл сайын зертхана қызметкерлері шамамен 450 000 зерттеу жүргізеді.
Зертхана қызметкерлері сертификаттары мен біліктілік санаттары бар 18 маманнан тұрады. Бөлімді 2016 жылдан бастап жоғары санатты клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Сиделева Екатерина Александровна басқарады. Зертхана директорының байланыс нөм.: 8(777)5702225, email: katyha888@rambler.ru
Дегенмен де, Қарағанды ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасының негізгі бағыты АИТВ-инфекциясына скринингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. АИТВ нәтижесін алу үшін ЖИТС орталығында қан тапсыру керек, ал нәтижені 24 сағат ішінде орталық сайтта көрсетілген жеке кабинетіңіз арқылы және ЖИТС орталығына келіп те ала аласыз. Қазақстан азаматтары үшін АИТВ-ға тестілеу тегін жүргізіледі.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00-ден 16:00-ге дейін. Зертханалық зерттеулерге қатысты сұрақтарыңыз болса, 44 – 21 – 64 телефоны арқылы хабарласа аласыз.