АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру және таралуын болдырмау үшін ЖИТС-пен күрес Облыстық орталығының маманы Б.Қ Жанбай Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында аудиторияға таныстыру дәрісі оқылды, бейнефильм көрсетілді, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбына қатысты мәселелер қаралды.
Дәріске 170 студент қатысты.