Skip to content
Главная страница » Қарағанды жоғары медициналық интерколледждегі кездесу

Қарағанды жоғары медициналық интерколледждегі кездесу

  • by

Жастардың АИТВ және қажетті сақтық шаралары туралы білім деңгейін арттыруда профилактикалық лекциялардың маңызы зор. Сондықтан Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің жұмысы тұрғысынан студенттермен кездесулер басты назарда.

ЖИТС орталығының маманы Г.Усманова Қарағанды жоғары  медициналық интерколледжінде кездесу өткізді, жиналғандарға АИТВ-ның ерекшеліктерін, оның ЖИТС-тен айырмашылығын, таралу жолдарын, алдын алу шараларын түсіндірді. Маман жастармен тілдесу барысында ақпарат беріп қана қоймай, студенттердің қарастырылып отырған тақырып бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюдан тартынбауы үшін сенім атмосферасын қалыптастыруға тырысты.

Жиын соңында маман Г.Усманова әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуі керектігін, оны облыстық ЖИТС орталығында немесе тұрғылықты жеріндегі емханаға тест тапсыру арқылы білуге болатынын айтты.

АИТВ бойынша дәріс тыңдаушылары 22 адамды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған