Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша дәрігер-кардиологтар мен медициналық мекеме қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Іс-шараға 78 маман қатысты.
Семинарды Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Ақбергенова А. жүргізді.
Оқу барысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер және АИТВ-инфекциясы бар пациенттерді қабылдау ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері егжей-тегжейлі талқыланып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың алдын алу және кемістушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша медициналық қызметкерлердің АИТВ-инфекцияға қатысты білімін тексеру мақсатында аттестация жүргізілді. Оған 105 маман қатысты. Аттестацияны ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Н. Тулекбаева мен А. Ақбергенова өткізді.
