Skip to content
Главная страница » Қарқаралы полиция бөлімінде профилактикалық дәріс

Қарқаралы полиция бөлімінде профилактикалық дәріс

АИТВ туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне оқыту дәрісін өткізді.

Іс-шара барысында тыңдаушылар АИТВ-инфекциясы, вирустың таралу әдістері, алдын алу шаралары, қызметтік міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлар және олар туындаған кездегі тиісті шаралар туралы білді. АИТВ жұқтырған адамдарға толерантты қарым-қатынас қажеттілігін ерекше атап өтілді.

Дәріс сұрақ-жауап диалогымен аяқталды.

Дәріске полиция бөлімінің 32 қызметкері қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *