Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай көлік-техникалық колледжінің студенттеріне ақпараттық дәріс оқыды.
Оқушылар АИТВ вирусының ерекшеліктерін, оның басқа вирустардан айырмашылығын, адам ағзасына төндіретін қауіптілігін білді.
Сондай-ақ дәріскер АИТВ-инфекциясының берілу жолдарының қандай екенін және инфекциядан қалай қорғану керектігін түсіндірді. Келесі кезекте ЖИТС орталығының маманы АИТВ-статусыңызды анықтау үшін тексеруден өтудің неліктен маңызды екенін түсіндірді.
Әңгімелесу барысында АИТВ-ның кез келген адамға әсер етуі мүмкін екендігі, сондықтан қазіргі қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалау мен кемсітуге орын болмауы керектігі айтылды.