Қарағанды заманауи көпсалалы колледжінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының маманы Г.Усманова дәріс оқыды. Студенттер вирус, оның таралу жолдары және АИТВ-инфекциясынан қорғану әдістері туралы мағлұмат алды, сонымен қатар талқыланған тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Жастар профилактикалық іс-шаралардың фокус тобы болып табылады, оларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, біз салауатты және қауіпсіз өмір салтын ұстану құндылықтары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуге тырысамыз», – деп бөлісті ЖИТС орталығының маманы Г.Усманова.
Профилактикалық дәріске 50 колледж студенттері қатысты.