Қарағанды тағамтану және сервис колледжінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді, оны ЖИТС орталығының маманы Б.Жамбай жүргізді.
Сабақ барысында тыңдаушылар адамның иммун тапшылығы вирусы, оның ерекшеліктері, таралу жолдары және инфекциядан қорғану әдістері туралы білді.
Дәріс соңында АИТВ-ның алдын алу туралы бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Аудиторияны 30 колледж студенті қамтыды.