17 мамыр ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері мен мамандары келушілермен әңгімелесті, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің мақсатын түсіндірді, осы күннің символы ретінде – қызыл лента тағылатыны жайлы айтылды. Осымен қоса мамандар АИТВ – ның алдын алу жолдары жайлы ақпарат берді және тестілеуден өтіп өз статусын білудің маңыздылығын айтып өтті. Сұқбаттың соңында мамандар келушілерге ақпараттық кітапшалар ұсынды.