Бекітілген жоспарға сәйкес Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында облыстық эпидемиологтардың тұрақты курстары өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – 2023 жылға арналған өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық база туралы ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына қатысты теориялық және практикалық аспектілер туралы білімдерін арттыру.
Сабақты ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Н.Тулекбаева жүргізді. Курстарға 32 дәрігер қатысты, бұл Қарағанды, сондай-ақ Абай, Осакаров аудандары, Саран және Шахтинск қалаларының медициналық ұйымдарының эпидемиологтары мен АИТВ-инфекциясына жауапты дәрігерлері.
#ТоқтаАИТВkz