25 маусымда Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандары А.Абергенова мен Р.Исабекова ұйымдастырушылық-кеңес беру көмегін көрсетіп, «МУК» ҰАО Медицина университеті емханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Отырыста Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 211 бұйрығына сәйкес облыстағы эпидемиологиялық жағдай, төтенше жағдай және медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті мәселелері қаралды.
Семинарға 29 адам қатысты.