Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы №102 мектеп – лицейінде «Отбасы сағаты» жобасы аясындағы облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 400 ата-ана мен педагог қатысты және 70 мың адам желі бойынша қосылды. Облыстық жалпы ата-аналар жиналысы ата-аналарды тәрбие және білім беру процесіне тартуға бағытталған. Кездесуде балалар бар әр отбасы үшін маңызды тақырыптар қарастырылды: жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, құмар ойындардың, ерте жыныстық қатынастардың және т.б. алдын алу. Әр сұрақ бойынша сарапшылар сөз сөйледі, ата-аналар диалогқа белсенді түрде қатысып, сұрақтар қойды. Шақырылған спикерлердің бірі Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Т. Х. Кулахметова болды, ол қатысушыларға АИТВ, берілу жолдары, сондай-ақ алдын алу шаралары туралы айтып берді.