24 сәуірде Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандары Н.Түлекбаева мен А.Ақбергенова Қарағанды қаласындағы Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық-терапевтік орталықтарының медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы бойынша жоспарлы ұйымдастыру-әдістемелік кеңес өткізді.
25 сәуірде маман Н.Түлекбаева жиналғандарды облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйімен таныстырып, АИТВ-инфекциясына қатысты заңнамалық құжаттардың дұрыс ресімделуімен таныстырды, төтенше жағдайлар кезінде инфекциядан қорғану шаралары туралы хабардар етті.
ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Е.Сиделева экспресс-тесттерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинарға 35 адам қатысты.