«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні: 20.03.2023 жыл.
Конкурсты өткізу орны: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үй, 4 қабат, конференц – зал, телефон 8(7212) 559784.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Анжерская көшесі, 37 үйі мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды областық ЖИТС-тың алдын алу және күресу» КМК байланыс телефоны 8(7212)441580. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 3 бос орын.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
-денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
-денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
-денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлана алмайтын тұлғалар:
– соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
– заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
– бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
– байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ № 14 кабинетке 18.03.2023 жылғы мерзіміне дейін ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35 бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Құжаттарды қабылдау күні 16.02.2023 жылдан бастап.