Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Р.Исабаева Қарағанды облысының полиция департаментінің емханасы бар госпиталі медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Шара барысында келесі мәселелер қаралды: ағымдағы жылдың 10 айындағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай; АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және алдын алу шаралары; АИТВ-инфекциясына қатысты ережелер; төтенше жағдайлар және олар туындаған кездегі әрекеттер алгоритмі; АИТВ жұқтырған адамдарды стигматизациялауға жол бермеу.
Баяндамашы тақырыпты талқылағаннан кейін 36 медицина қызметкерінен құралған аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Семинардан кейін аттестаттау жүргізілді.