Профилактикалық жұмыс бөлімінің қызметі мыналарға бағытталған:
o жергiлiктi атқарушы органдармен, мүдделi ведомстволармен және қоғамдық бiрлестiктермен бiрлесiп АИТВ-инфекциясы проблемасы бойынша ведомствоаралық профилактикалық бағдарламаларды әзiрлеу;
o мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар мен білім беру бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
o халықты АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және инфекцияның алдын алу әдістері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру (теледидар, радио, баспасөз және интернет-ресурстар арқылы сайттар);
o медицина қызметкерлерін, мұғалімдерді, мектеп оқушыларын, жоғары және орта оқу орындарының студенттерін, бизнес құрылымдарды оқытуды ұйымдастыру және т.б. (дөңгелек үстелдер, семинарлар, жарнамалық акциялар, сауалнамалар, оқу бейнероликтерін көрсету және т.б.);
o халыққа АИТВ-инфекциясы бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын (бүктемелер, буклеттер, әдістемелік құралдар, бейне өнімдер және т.б.) тарату;
o өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын үйлестіру.