Қазақстанда Репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Бұл – өзіңнің репродуктивті жағдайыңа неге қамқор болу керектігін еске салуға жақсы мүмкіндік.
Репродуктивті денсаулық – бұл ер мен әйелдің дені сау баланы жоспарлап, көтеріп, дүниеге әкелу қабілеті. Бұл ұғымға жүктіліктің қауіпсіз өтуіне сенімділік, бала туу уақытын жоспарлау мүмкіндігі, сондай-ақ АИТВ және жыныстық жолмен берілетін басқа жұқпалы аурулардан қорғаныс.
Әйелдің репродуктивті денсаулығы өмір салтымен тығыз байланысты. Темекі шегу, алкоголь және есірткі пайдалану секілді зиянды әдеттер түсік тастауға немесе әлсіз сәбидің дүниеге келуіне әкелуі мүмкін. Жыныстық жолмен берілетін аурулар бедеулікке себеп болады.
Ерлердің репродуктивті денсаулығы екі негізгі факторға байланысты — потенция мен сперматогенезге (сперматозоидтардың түзілу процесі). Оған сифилис, гонорея, трихомониаз, паротит сияқты инфекциялар теріс әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ ер адамдардың денсаулығына сыртқы факторлар да ықпал етеді: созылмалы күйзеліс, зиянды әдеттер, жарақаттар, қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбау, тар киім кию және радиациялық әсер.
Неліктен репродуктивті денсаулыққа ерте қамқор болу маңызды?
Алдын алу шаралары кейінгі туындауы мүмкін қиындықтардың болдырмауына әсерін тигізеді, мәселен – бедеулік, инфекциялар мен басқа да ауруларының болмауына. Әйелдерге гинекологқа, ерлерге урологқа тұрақты түрде қаралу ұсынылады.
Жасөспірімдерге контрацепция әдістері туралы шынайы әрі сенімді ақпарат беру қажет. Бұл қажетсіз жүктіліктің, түсіктің, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның алдын алуға көмектеседі.
Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық – саналы ана болуға, әке атануға және болашаққа сеніммен қарауға жасалған маңызды қадам.
