Көптеген қауіпті аурулар жыныстық жолмен жұғады, демек, ретсіз жыныстық өмір сүретін адам түрлі ауыр аурулардың «қоржынына» айналады. Аурулардың әрқашан көрінбейтін жасырын көрінісі бар немесе жыныстық қатынас кезінде инкубациялық кезеңде болуы мүмкін. Сондықтан адамның ауырып қалғанын немесе қандай да бір аурудың тасымалдаушысы болып табылатынын бірден білуге болмайды. Мысалы, АИТВ инфекциясы мүлдем көрінбейді, сондықтан адамның онымен ауырып тұрғанын болжау мүмкін емес.
· АИТВ-ны немесе жыныстық жолмен берілетін кез келген басқа да ауруды жұқтыру мүмкіндігі жыныстық серіктестердің санына тікелей пропорционалды түрде артатын болады. Оның үстіне, АИТВ-позитивтердің бәрі де өз ауруларына жауапкершілікпен қарамайды және өз серіктесіне вирусты тасымалдаушылар екенін хабарламауы мүмкін. Ал кейбіреулердің өздері де «терезе» кезеңінде болып, жұқтырғанын білмеуі мүмкін.
Сондықтан жыныстық қатынас кезінде презервативтерді пайдалану міндетті болуы тиіс, өйткені АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін басқа да аурулардың берілу қаупін төмендетеді. Адалдық, шектеу, қатерлі жағдайлардан бас тарту, өзінің және серіктесінің АИТВ-мәртебесін білу – сондай-ақ АИТВ-ның алдын алудың пәрменді шаралары.