Жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы И. Венчикова Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерімен кездесу өткізді, оның барысында студенттердің назарын салауатты өмір салтына, АИТВ-ның таралуына кедергі келтіретін саналы мінез-құлыққа аудара отырып, АИТВ-ның берілу жолдары және ілеспе инфекциялардың алдын алу шаралары туралы хабардар етті.
Аудитория 100 адамды құрады.