Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен «Таир» және «Абзал» сауда үйлерінде АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық науқандар жүргізілді. Іс-шаралар АИТВ және ЖИТС туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған және 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған.
Шара барысында ұйымдастырушылар иммун тапшылығы вирусы, АИТВ-ның берілу жолдары және инфекцияның алдын алу шаралары туралы айтты. Сондай-ақ «1 желтоқсан қандай күн?», «Сіз АИТВ туралы не білесіз?», «АИТВ-инфекциясынан қалай сақтануға болады?», «Сіз АИТВ-статусыңызды білесіз бе?» деген сұрақтардан тұратын халық арасында блиц-сауалнамалар жүргізілді».
Іс-шараның барлық қатысушылары талқыланатын тақырып бойынша ақпараттық-танымдық материалдарға және сауалнамаға қатысқаны үшін естелік сыйлықтарға ие болды. АИТВ статусын білгісі келетіндер ЖИТС орталығына тегін және құпия түрде өткізілетін АИТВ-ға тест тапсыруға шақырылды.
«Мұндай бұқаралық іс-шаралар халықтың ауру туралы хабардарлығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жауапкершілікті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, ал АИТВ туралы білім АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға көмектеседі», – деп түсіндірді Т.Х.Кулахметова Қарағанды ЖИТС орталығының эпидемиологы.