«Аталған аурумен күресуде АИТВ жұқтыру және оның алдын алу туралы халықты ағарту және хабардар ету басты рөл атқарады. Алдын алу және сақтық шараларын сақтау туралы білімді тарату АИТВ-инфекциясының таралуын азайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі», – деп бастады сөзін Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай тау-кен және өнеркәсіп колледж студенттеріне арналған лекциясын осылай бастады.
Дәріс барысында тыңдаушыларға тақырып бойынша бейнефильмдер көрсетілді, АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді, мәселенің маңыздылығы мен оған қарсы тұру қажеттілігі айтылды. Яғни, денсаулығыңызға мұқият болыңыз, қауіпті жағдайлардан және күмәнді компаниялардан аулақ болыңыз, есірткі қолданбаңыз және қорғалған жыныстық қатынасты таңдаңыз. Жиын соңында ЖИТС орталығының маманы қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуге колледждің 16 студенті қатысты.