Жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында ЖИТС-пен күрес бойынша облыстық орталық маманы Б. Жанбай Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді, онда АИТВ-инфекциясының таралуына кедергі келтіретін салауатты өмір салтына, саналы мінез-құлыққа студенттердің назарын аудара отырып, АИТВ-ның берілу жолдары және ілеспе алдын алу шаралары туралы айтты.
Кездесуге колледждің 90 студенті қатысты.