Skip to content
Главная страница » Теміржол колледжінде АИТВ туралы дәріс

Теміржол колледжінде АИТВ туралы дәріс

  • by

АИТВ туралы білім және инфекцияға қарсы профилактикалық шаралар адамның иммун тапшылығы вирусының таралуынаалдын алатын іс –шаралардың бірі. Осы мақсатта  мамандар оқу орталықтарында тәрбиелік дәрістер өткізіледі, аудиторияның негізгі бөлігін студенттер құрайды.

Қарағанды темір жол колледжінің студенттерімен кездесуде облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай АИТВ жұқпасы, белгілері, таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтып, жастарды өз денсаулығына, болашағына жауапкершілікпен тәрбиелеуге баса назар аударды.

Сондай-ақ көрермендерге АИТВ жұқтырған адамдарды стигматизациялау орны толмас зиян келтіретіні: бұл олардың әлеуметтік бейімделуін нашарлатады және өмір сүру сапасының төмендеуіне әкелетіні туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді.

Дәрісті қорытындылай келе, спикер студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дәрістерді қамту 36 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған