Skip to content
Главная страница » Ұрпақты болу денсаулығын және АИТВ- дан сақтау

Ұрпақты болу денсаулығын және АИТВ- дан сақтау

  • by

Ұрпақты болу денсаулығын сақтау – бұл дені сау ұрпақтың пайда болуын, ұрпақты болу мүшелерінің профилактикасы мен оларды емдеуді, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғауды, отбасын жоспарлауды, ана мен бала өлімінің алдын алуды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Ұрпақты болу денсаулығы мәселелерінде болашақ ана мен оның баласының денсаулығына қауіп төндіретін АИТВ-инфекциясының алдын алу өте маңызды.

 Қазіргі таңда ең маңыздысы:

– АИТВ-мен байланысты проблемалар туралы ашық айта білу;

– жастарды АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен қорғану әдістері туралы ақпараттандыру;

– жасөспірімдерге қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын, соның ішінде жыныстық мінез-құлық дағдыларын дамытуға көмектесу және олардың өз денсаулығын сақтауға ынталандыру;

– АИТВ-позитивті статусы бар адамдарға кемсітушілікке тап болмас үшін толерантты көзқарасты қалыптастыру;

– балаларымыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесу үшін ата-аналардың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, құқық қөрғау органдарының, әлеуметтік қызметкерлердің, жастардың, қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлер күш-жігерін біріктіру, ерік-жігер мен табандылық таныту.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған