Вирустық жүктеме – АИТВ-мен өмір сүретін адамның ағзасындағы маңызды көрсеткіш. Ол 1 миллилитр қан плазмасындағы АИТВ РНҚ-сының (вирустық бөлшектер) санын есептеу көшірмелері арқылы есептеледі . Алынған көрсеткіштер вирустық инфекцияның ауырлық дәрежесін көрсетеді. Осы зерттеу арқылы антиретровирустық терапия (АРТ) тиімділігін болжауға және жұқпаның ауырлығын одан әрі анықтауға болады. Вирустық жүктемемен қатар, жұқпаның толық картинасын анықтау мақсатында CD4-лимфоциттердің (антигендер, иммундық жүйесі) жай-күйін көрсететін сынама жасалады. Арнайы терапияны қабылдамаса CD4 жасушаларының деңгейі төмендейді.
Вирустық жүктеме -қандағы АИТВ жұқпасының мөлшерін көрсетеді, ал CD4 саны иммундық жүйесінің жағдайын көрсетеді .Тұрақты мониторинг жүргізу арқылы, осы екі көрсеткіштердің уақытылы шешімдері арқасында АРТ терапиясын дұрыс әрі тиімді қабылдауға мүмкіндік береді.