Skip to content
Главная страница » Жадынама

Жадынама

  • by

Егер сіз АИТВ ға тест тапсыруды жоспарласаңыз есіңізде болсын:

1. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе төлқұжатыңыз болуы керек

2. АИТВ ға тестілеу ҚР азаматтарына тегін және тек сіздің ерікті келісіміңізбен жүргізіледі

3. Тестілеу нәтижелері қатаң құпия болып табылады

4. Егер АИТВ-инфекциясына антиденелер табылса, вирустың одан әрі дамуына жол бермеу үшін уақтылы емдеуді бастау керек

5. Өзіңіз және жақын адамдарыңыз үшін жауапкершілікті сезінуіңіз керек

АИТВ-ға тест тапсырған адамдардың көбінесе қоятын сұрағы: нәтижелерді whatsapp-қа немесе Damumed порталына жіберуге бола ма?

– Жоқ, нәтижелерді Whatsapp-қа жіберу де, оларды Damumed-ке жариялау да, басқа да хабарламамен жіберу де мүмкін емес, өйткені бұл құпиялылықты бұзады, бұл дәрігерлік құпияны сақтамау болып табылады, – деп түсіндірді ЖИТС орталығының заңгері Қуаныш Нұрғалиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған