2024 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес өтіп, онда өткен 2023 жылдың қорытындысы шығарылды.
Бөлім және зертхана меңгерушілері атқарылған жұмыстарды баяндап, түйткілді мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
ЖИТС орталығының 2023 жылғы кезеңге атқарған жұмысының нәтижелері алға қойылған міндеттердің орындалуымен сипатталады және жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес келеді.
Ағымдағы 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары келісіліп, бекітілді.