Skip to content
Главная страница »  «ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу» халықаралық күніне арналған баспасөз бағдарламасы

 «ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу» халықаралық күніне арналған баспасөз бағдарламасы

  • by

АИТВ-инфекциясының таралу проблемасы әлемдік қоғамдастық үшін өзекті болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының статистикасы бойынша, планетада адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 40 миллионға жуық адам бар және күн сайын бұл көрсеткіш 14-15 мыңға артып келеді. Эпидемия басталғаннан бері (30 жылдан астам) 85,6 миллион адам АИТВ-ны жұқтырды, 40 миллионнан астам адам ЖИТС-ке байланысты аурулардан қайтыс болды.

АИТВ және ЖҚТБ-мен байланысты қайғылы оқиғасын жеке басынан өткізген адамдар, туыстары мен достарынан айырылудың азабын тартқан адамдар- жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін еске алу іс-шарасының ұйымдастырушылары болып табылып отыр. ЖИТС-тен қайтыс болғандарды халықаралық еске алу күні биыл 19 мамырда өткізіледі. Биыл 41-ші рет өткізілмек.

Бұл еске алу күні:

– қоғам назарын АИТВ және ЖИТС проблемасына аудару;

– АИТВ-ның алдын алу әдістері туралы ақпараттандыруды арттыру;

– осы дертке шалдыққандарды еске алу;

– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау белгілерін көрсету;

– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді болдырмайтын қоғам құру.

Осы күн қарсаңында әртүрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу идеясы біріктірілген іс-шаралар ұйымдастырылуда: акциялар, ақпараттық бағдарламалар және дәрігерлердің баяндамалары.

Қарағанды ​​облысында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінде жастарды міндетті түрде қатыстыра отырып  семинарлар, теледидар мен радиода  ақпарат беріліп, кездесулер өткізіледі.

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні – бүкіл әлем бойынша өмір сүру құқығы мен денсаулық құқығына, емдеу және алдын алу қызметтеріне, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға бағытталған қозғалыстың бастамасы.

             АИТВ-инфекциясы жасына, мәртебесіне, жынысына қарамастан кез-келген адамға әсер етуі мүмкін екенін түсініп, қайғы-қасірет белгісі ретінде бұл ауруды жеңеміз деген үміт белгісі ретінде адамдар киіміне қызыл лента тағады.

            Жүргізіліп жатқан алдын алу  жұмыстарға қарамастан, адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтыруы жалғасуда. 1990 жылдан бері Қарағанды ​​облысында АИТВ жұқтырған жеті мыңнан астам адам тіркелсе, оның ішінде қазіргі таңда төрт мыңнан астам адам АИТВ жұқтырған. Қазіргі таңда облыстық ЖИТС орталығында 4136 адам есепте тұрса, оның 90 пайыздан астамы  емделуде.

               Сіздің денсаулығыңызға қауіп төндірмеу үшін қарапайым алдын алу  шараларды ұстанып, немқұрайлылық танытпаңыз, болашақты ойлаңыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың денсаулығы бүгінгі өмір сүріп жатқандардың қолында.

Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған